Оны қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін метро стансыларындағы жұмыстың барысымен танысу кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Метро құрылысына 20 жылда 108 миллиард теңге жұмсалды. Оның 50 миллиарды 2008-2009 жылдары игерілді. Келесі жылы тиісті қаржы бөлінсе жобаның бірінші кезеңінде алғашқы 7 стансыны іске қосуға мүмкіндік бар. Оған 54 миллиард теңге керек", дейді Ахметжан Смағұлұлы. Қала әкімінің айтуынша, бұл қаражаттың 20 миллиарды құрылыс жұмыстарына, қалғаны вагон және тағы басқа да қажетті техникалық жабдықтар алуға жұмсалмақ.