«Қазіргі сәтте 600-дей адам көшірілді. Олар нөмірі №176 мектепте орналасқан эвакуациялық пунктке жайғастырылды. Ыстық тамақпен, сумен қамтамасыз етілді», - деді аудан әкімі.
Сонымен қатар ол сел тасқынынан келген шығынның әлі есептелмегенін жеткізді.
«Сел тасқыны кезінде Қарғалы өзенінің су деңгейі 5-6 метрге дейін көтерілген болатын. Қазір су деңгейі қалпына келді. Бірақ әлі де түсуі керек. Сол кезде үйлерді аралап, түгендеу жұмыстарын жүргізетін боламыз», - деді Қ.Қашқынбаев.