Өңір басшысы күні кешегі Алматыдағы оқиғада қоғам қауіпсіздігі үшін қызметтік борышын өтеу жолында азаматтарымыздың құрбан болуы бір отбасының ғана емес, күллі елдің қабырғасын қайыстырғанын жеткізе келе, отбасына басу айтты.
«Бұл ақталмайтын қылмыс. Азаматтардан айырылу - баршамыз үшін де ортақ қайғы. Оларды бүгінгі күннің батыры дейміз. Осындай ұл тәрбиелегендеріңіз үшін алдарыңызда басымызды иеміз. Дәл қазір сіздерге қолдау көрсетіп, жан-жақты жәрдемдесу - біздің міндетіміз», - деді облыс әкімі.
Осы күні Тимур Бегасыловтың отбасына А. Баталов Қарасай ауданындағы «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінен екі бөлмелі жаңа пәтердің кілтін тапсырды, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.