Әсемнің айтуынша, Темірлан Қадауов Нұр-Сұлтан-Алматы бағытымен ұшып бара жатып, апатқа ұшыраған «Bek Air» әуе компаниясының ұшағында болған.
«Оның жанында менің қызым Гүлім Ақышева отырды және ол жүкті еді. Темірлан ұшақ құлаған сәтте оны денесімен жауып қалған. Апаттан соң қызымды қауіпсіз жерге апарып, өзі өзге жолаушылардың шығуына көмектескен. Ол нағыз ер азамат, өзінің жарақатына қарамастан осындай қиын сәтте батылдық танытты. Біз, Гүлімнің ата-аналары Темірланның ата-анасына осындай ер азамат тәрбиелегені үшін алғыс айтқымыз келеді»,-деп жазды.
Жазбаның астына желі қолданушылары Темірланға осы жасаған ерлігі үшін алғыстарын жаудырып жатыр.