Бұл жайында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов тұрғындармен есепті кездесуі барысында айтты.
Алматы қаласының әлеуметтік, экономикалық дамуына тоқталған әкім, қазіргі есеп бойынша Алматыдағы жалпы аймақтық өнімнің өсуі 2010 жылы 3 пайызды көрсеткендігін, яғни 3 триллион теңгеден асқандығын жеткізді. Сонымен қатар барлық басты әлеуметтік-экономикалық индикаторда да өсім бар екендігін атап өтті. «Бірінші кезекте қаланың болашағын айқындаушы әрі экономикалық дамуына өзіндік септігін тигізетін инвестициялық белсенділігі өсті. Алғашқы 3 жылда бұ л көрсеткіш 2,7 пайызды құрады», -деді А.Есімов.