Наурызбай ауданы әкімінің мәліметінше, жұмысшы құбыр төсеу жұмыстарына жалданған.
«Ер адам техникалық қауіпсіздікті сақтамау салдарынан мерт болды. Манипулятордың жебесі электр желісіне тиіп кеткен. Біз марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамыз, аудан әкімінің аппараты жан-жақты көмек көрсетеді», - деп хабарлады әкімдіктен.
Сонымен қатар, әкімдік кеше «Ақжар» ықшамауданында техникалық сумен жабдықтау жүйесін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізлгенін атап өтті.
Бұған дейін Алматы қаласының Наурызбай ауданы, «Ақжар» шағынауданында ауызсу құбырын тартып жатқан кезде жұмысшы мерт болғанын жазған болатынбыз.
Фото: facebook.com/Эля Булатовна