Алматыдан 270 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 қараша күні Алматы уақыты бойынша түнгі сағат 06:00-де «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.

Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 270 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.6, магнитудасы - 4,5. Тереңдігі - 5 шақырым.

Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.