Алматыдан 812 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 қараша күні Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 05:28-де «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.

Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 812 шақырым жерде Тәжікстан және Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.3, магнитудасы - 4,7. Тереңдігі - 100 шақырым. Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.