«2014 жылдың 6 маусымы мен 26 шілдесі аралығында №61/62«Алматы-2-Арыс» бағытындағы жүрдек жолаушылар пойызы жіберілуде.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіндегі өзгерістер, қосымша вагондардың, құрамдар мен жаңа бағыттардың енгізілуі, стансаларға келуі және аттануы жайлы барлық ақпаратты temirzholy.kz сайтынан, теміржол кассалары мен вокзалдардың ақпараттық қызметтерінен алуға болады», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, аталмыш пойыз аптасына бір рет, жұма күндері Алматы-2 стансасынан Арысқа, сенбі күндері Арыстан Алматы-2 стансасына қатынайтын болады.