Баспасөз қызметі хабарлағандай, ол қызметінен өз еркімен кеткен.
Айта кету керек, қыркүйектің 21-інде Алматыда трамвайдың қатысуымен жол апаты орын алған. Техникалық ақаудың салдарынан №4 трамвай өздігінен Байтұрсынов көшесімен құлдилай жөнелген. Темір вагондар жолындағы 14 көлікті жайпап өтіп, 5 адамды жаралаған.