«Біз вакцинацияны бастаймыз. Кеше қалаға 21 850 доза вакцина жеткізілді. Бүгін таңертең біздің барлық клиникаларда жұмыс басталды. Жалпы, бізге бастапқыда квота бойынша 65 мың доза берілді. Мен Премьер-Министрмен сөйлестім және халықтың тығыздығы мен жағдайды ескере отырып, бізге кем дегенде 100 мың доза қажет екенін айттым. Кеше Мемлекет басшысымен өткен кездесуден кейін Премьер-Министрмен тағы бірнеше рет келіссөздер жүргіздік, ол Денсаулық сақтау министріне үш ай ішінде ай сайын Алматыға 250 мың доза квота бөлуді тапсырғанын айтты. Бұл сәуір, мамыр, маусым айлары», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Әкімнің айтуынша, бұл өте жақсы көлем. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін 900 мың доза вакцина қажет.