Авиакомпанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, себеп - биіктік жүйесі жұмысының ақаулығында болып отыр.
«Астана - Алматы бағытындағы DV 704 рейсі кесте бойынша шыққан. Эшалонда биіктік жүйесінің жұмысында ақау шыққаны туралы индикация белгі берді. Қауіпсіздік нормаларының талаптарын орындай келе экипаж командирі ұшып шыққан портқа қайтып келу туралы шешім шығарды», - деп хабарлайды SCAT авиакомпаниясының баспасөз қызметі.
SCAT авиакомпаниясының баспасөз қызметі рейсті орындау үшін резервте тұрған басқа ұшақпен жолаушылардың аттанып кеткенін мәлім етті.
«Авиакомпания олқылыққа байланысты кешірім сұрай отырып, болған оқиғаға түсіністікпен қарауды өтінеді. Сіздің қауіпсіздіктеріңіз біздің негізгі жұмысымыз болып табылады», - делінген ресми хабарламада.