Қазір турнир кестесінде «Астана» ХХІ Қазақстан чемпионатында 12 кездесуін де жеңіспен аяқтап, 100 пайыз көрсеткішпен бірінші орныда келе жатыр. 4 ойында жеңіп, 8-інде жеңіліс тапқан «Алматы» 33,3 пайыз көрсеткішпен 5-ші орынды қанағат тұтуда. Олар тек 3 ойында жеңіп 9 ойында жеңіліп, 25 пайыздық көрсеткішпен турнир кестесін түйіндеп тұрған Алматы облысының «Қапшағай» командасынан ғана жоғары тұр. Алматылықтар 21-22 қаңтар күні өз алаңында Қостанайдың «Тобыл» командасына 71:78, 73:76 есебімен ұтылып, турнир кестесіндегі жағдайын қиындатып алған болатын.
11:24, 26 Қаңтар 2013
«Алматылық» баскетболшылар өз алаңында Ұлттық лиганың көшбасшысы «Астанамен» күш сынасады
АЛМАТЫ. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде 26-27 қаңтар күндері баскетболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы «Алматы» мен «Астана» командаларының ойындары өтеді. Игорь Тихоненко бұл кездесулерде Василий Савченко (капитан), Максим Смирнов, Сергей Волк, Валерий Гандлин, Иван Гилевич, Әлімбек Оразов, Бауыржан Нұрланұлы мен Александр Кузнецовқа үміт артпақ.