АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы ұстазы» байқауында жеңіске жеткен бес жас педагог Финляндияда тағылымдамадан өтуге жолдама алады. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Байқауға өтінімдерді қабылдау 1 тамызда басталады және almatyustazy.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.
Спикердің айтуынша, байқауға 3 мың мұғалім қатысады деп күтіліп отыр.
«Біздің мақсатымыз – 36 жасқа дейінгі талантты және шығармашылықпен жұмыс істейтін жас педагогтарды таңдау. Байқау қорытындысы бойынша 5 жеңімпазға Финляндияда тағылымдамадан өту сертификаттары беріледі», - деді Ләззат Жылқыбаева.
Ведомство басшысы алматылық мұғалімдерді байқауға қатысуға, ал оқушыларды өз тәлімгерлерін белсенді қолдауға шақырды.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.