Онда барлық кездесуін жеңіспен аяқтаған «Алматы» клубы 47 ұпаймен турнир кестесіндегі көшбасшылық орнын сақтап қалды. Ал жеңімпазға 3:2 есебімен есе жіберген Хромтаудың «ТНК Қазхромы» 44 ұпаймен екінші орын алды. Үздік үштікті 39 ұпаймен жарыс қожайындары «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» волейболшылары түйіндеді. Одан 6 ұпайы кем атыраулықтар 4-ші орын алса, қоржындарында 31 ұпайлары бар Қызылжардың «Есілі» мен Оралдың «Конденсаты» 5-6 орынды бөлісті. Ел чемпионатының ақтық туры енді 26 сәуір мен 1 мамыр аралығында Талдықорғанда өтеді.
17:39, 06 Сәуір 2011
Алматылық волейболшылар Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында көш бастап келе жатыр
АЛМАТЫ. 6 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 31 наурыз бен 5 сәуір аралығында Өскеменде волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 5-туры өтті.