Шымбұлақ тауларын тазалауға ынталы жандар үшін аспалы жол тегін қызмет көрсетеді. Олар қолғап, қоқыс қапшығы, сусындармен қамтамасыз етіледі. Акцияның соңында «ASSORTI- Шымбұлақ» кешені мерекелік дастархан жайылып, қатысушыларға палау пісіріп береді.
«Басты мақсат Шымбұлақ тау бөктерін түрлі қоқыстан тазалау. Акция осымен 4 рет өтіп жатыр. Қала тұрғындарының тарапынан үлкен қызығушылық туғызып отыр», - делінген хабарламада.