деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бас жүлдені, гран-при атағына тігілген «Suzuki Grand Vitara» автокөлігін «Гүлдеген Алматы» әнімен Айқын Төлепберген иеленді. Көліктің кілтін қала әкімі Ахметжан Есімов өз қолымен табыстады.
Бірінші орынды Ғазиза Шаймаханова «Жасай бер, Алматы» әнімен жеңіп алса, екінші орынды «Алматы» әнімен Ерболат Құдайбергенов жеңіп алды. Үшінші орынға «Алматым жәннатым» әнімен Нұржан Керменбаев ие болды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық конкурсанттар байқауға қатысқандары туралы дипломдар алды.
Фестивальде қала әкімі «Бұл конкурс Алматының еліміз үшін мәдени орталық болып табылатын мәртебесін одан әрі айғақтай түседі. Әрі бүгінгі ән байқауы Қазақстан мәдениетінің дамуына қосылған үлес болып табылады»,- деп атап өтті.
Байқауға барлығы 15 орындаушы қатысты. Олар қазылар назарына әр жылдары Алматы туралы жазылған әндерді ұсынды. Конкурсқа қатысқандардың өнерін құрамында Шөмішбай Сариев, Әділ Жамбақиев, Еркеш Шәкеев, Нұрберген Махамбетов сынды тұлғалар бағалады. Жюридің төрайымы - КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бибігүл Төлегенова.
Қатысушылар байқаудың талабы бойынша еш жерде орындалмаған әндерді, тірі дауыста айтты. Байқауға кәсіби және жаңа орындаушылар қатысты.