Алматының 2016 жылғы бюджеті 361,8 млрд. теңгені құрады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда қалалық Мәслихаттың кезектен тыс өткен XXXVII сессиясында қаланың алдағы 2016 жылдың бюджеті 361 млрд. 897 млн. 580 мың теңге көлемінде бекітілді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бюджеттік алымдарды қоса есептегенде Алматы қаласының нақтылы бюджетінің жалпы көлемі 264 млрд. 213 млн. 572 мың теңгені құрады.

«Бюджет жобасы Алматының даму параметрлері мен қаланың 2016-2020 жылдарғы даму бағдарламасының көрсеткіштері негізінде жасалды. 2015 жылдың Жалпы Өңірлік Өнімінің көлемі бойынша болжам 8,9 трлн. теңге деңгейінде бекітілді, өсім 2,5 пайызды құрайтын болады. Міне осы динамика ескеріле отырып, 2016-2018 жылдарға болжам жасалды», - деді Алматы қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Қиқымов.

Жиын барысында 2016 жылы жергілікті бюджет шығындары, республикалық бюджеттің мақсатты трансферттерін есептемегенде 253 млрд. 374 млн. 499 мың теңгені құрайтындығы белгілі болды. Оның ішінде: ағымдағы шығындар - 132 млрд. 113 млн. 495 мың теңге, жергілікті атқару органының резерві - 2 млрд. 340 млн. 966 мың теңге, бюджеттік алым - 97 млрд. 684 млн. 008 мың теңге, даму бюджеті - 11 млрд. 012 млн. 030 мың теңге және жергілікті бюджет есебінен бюджеттік дамудың мақсатты транферттерін қаржыландыру шамамен 10,2 млрд. теңгені құрады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген мәжілісінде Алматы Мәслихатының жергілікті бюджеттік комиссиясы нұротандықтардың маңызды салаларға қосымша 12,3 млрд. теңге бөлу жөніндегі бастамасына қолдау білдірді. Қаржы қаладағы өзекті мәселелерге бөлінеді, олар: қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге - 2,9 млрд. теңге, бұқаралық спортты дамытуға - 500 млн. теңге (бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 есе көп), қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытудың өтпелі жобаларына - 7,2 млрд. теңге және әлеуметтік нысандарды салуға - 1,7 млрд. теңге.

Софинансирование целевых трансфертов в рамках бюджета развития из средств местного бюджета составит 10,2 млрд тенге.

Жергілікті бюджет есебінен бюджетті дамытудың мақсатты трансферттерін қаржыландыруға шамамен 10,2 млрд. теңге бөлінеді. Мегаполис басшысы жалпыәлемдік экономикалық ахуалдың қиындығына қарамастан шығындарды оңтайландыру - әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай жүзеге асыруға ықпал ететінін айтты.

«Мен сіздердің естеріңізге тағы да салғым келетіні, шығындардың 50 пайыздан астамы қалалықтардың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге жұмсалатын болады. Олар - білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салалары. Сонымен қатар, 146 млрд. теңгені біз орталықтан трансферт ретінде аламыз. Осылайша, Елбасының тікелей қолдауы арқасында біздің қаламызға үлкен көмек көрсетіліп жатыр», - деп қорытынды жасады қала әкімі Бауыржан Байбек.