«Жерасты газ құбырларын қайта қалпына келтіру және жаңадан салынған газ құбырын ортақ желіге жалғауға байланысты, 2016 жылдың 11 шілдесінен 30 шілдесіне дейінгі аралықта Жандосов көшесі - Райымбек даңғылы - Грановский көшесі - Тілендиев көшесі - Байтұрсынұлы көшесі - Алексеев көшесі аумағында табиғи газ беру уақытша тоқтатылады», - делінген хабарламада.
17:13, 08 Шілде 2016
Алматының бірқатар аумақтарында газ беру уақытша тоқтатылады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының бірқатар аумақтарында табиғи газ беру уақытша тоқтатылады. Бұл туралы бүгін «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалының баспасөз қызметінен хабарлады.