деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қарағандыда өткен 2009 жылғы Қазақстан кубогы үшін жарыстағы «төртеудің финалында» ел чемпионы - «Қайрат» командасы жартылай финалда Қарағандының «Грейс » клубын жеңді. Ал, ақтық сында тағы бір қарағандылық клуб «Тұлпардан» басым түсіп, Кубокты жеңіп алды. Үшінші орынды Астананың «Ұшқын-Искра» командасы еншіледі. Ол «Грейс » клубынан 2:1 есебімен басым түсті.
Футзалдан 2009 жылғы Қазақстан кубогы үшін болған жарыстың «үздік ойыншысы» болып «Қайрат» шабуылшысы Катата танылды. «Тұлпар» ойыншысы Михаил Першин 7 гол соғып сұрмерген атанса, «Ұшқын-Искра» командасының ойыншысы Владимир Ковган «үздік қорғаушы», ал «Грейс » командасының қақпашысы Виктор Зайковский «үздік қақпашы» атанды.