Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлгі Ғылым комитетінің Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.
Жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша 27 тамыз күні сағат 20.05-те (Гринвич бойынша 27 тамыз сағат 14:05) Алматыдан 457 шақырым жерде Қытай аумағында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.9 болса, магнитудасы MPV 4.7, ал тереңдігі 5 шақырымды құраған.