Қазіргі таңда Наурызбай ауданында тұрғын үйлер мен аулаларды, көшелерді лай көшкінінен тазарту жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, сел тасқыны өткен Қарағайлы өзенінің бұзылған су арналарын қалпына келтіру жұмыстары да жүргізіліп жатыр.
Коммуналдық қызметтер болса тұрғын үйлерді сумен және газбен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда.
Бүгінгі таңда ҚР ІІМ ТЖ комитетінің аумақтық бөлімшелері, Республикалық жедел-құтқару жасақтары, Апат медицинасы орталығы, «Қазселденқорғау» ММ, «Қазавиақұтқару» АҚ, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы және басқа да қалалық қызметтер тарапынан барлығы 1144 адам мен 188 техника сел салдарын жою жұмыстарына жұмылдырылған.