Бұл туралы қала басшысының баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева Facebook-тегі парақшасында жазды.
Алтай Көлгінов Дана Круглова мен Арман Исинаның отбасыларына көңіл айтты.
Қала әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастырды. Қаза тапқандардың туысқандары мен жақындарына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қаза тапқандардың отбасыларына 4 млн теңге ақшалай көмек көрсетіледі. Дана Круглова және Арман Исинамен қоштасу рәсімі бүгін сағат 10-да басталды.