Алтайда қамаудағыларға арналған интернет-дүкен ашылды

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат - Алтай өлкесінде «Передачки.ру» интернет-дүкені ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Ол аймақтағы колониялардың бірінде жазасын өтеп жатқан азаматтар үшін азық-түлік өнімдерін сатып алуға мүмкіндік береді.

«Передачки.ру» сайтында азық-түліктердің жүзден астам түрлері бар. Сотталғандарға газдалған және минералды су, кондитерлік бұйымдар, шай мен кофе, шырындар, сүт, ет және балық өнімдері, тез даярланатын тағамдар беруге болады. Тағам түрлеріне сонымен қатар, қызыл уылдырық, шоколад, тұздалған семга енеді.

Сатып алған заттарға банкте немесе поштада төлем жасауға болады. Тауарларды жеткізіп беруді дүкен әкімшілігі өзіне алады. Жобаны Федералдық қылмыстық атқару өлкелік басқармасы қолдады.