НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытайдың Алтай аймағындағы қазақтар қызын байырғы дәстүр бойынша түйелі көшпен ұзатты. Видео авторының айтуынша, бұл той бірнеше күн бұрын ғана өткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш дәстүрлі қыз ұзату тойы Қытай халық республикасы, Алтай аймағы, Шіңгіл ауданында болған.
«2019 жылғы 10 қарашада Алтай аймағы, Шіңгіл ауданы, Сартоғай ауылы, Сарықарын қыстағында осындай қазақы той өтті...», - дейді видео авторы.
Бұл той әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, желі қолданушыларының талқысына түсуде.
Бейсен Сұлтан
Сұлтан Бейсен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын 2007 жылы "Жазушы" баспасында редактор болып бастаған. 2008 жылы "Ара" журналында, 2010-2011 жылы Алматы облысының "Талдықорған кеші" газетінде тілші, 2012 жылы "Талдықорған Севен" газетінде тілші болып жұмыс істеген. 2013 жылы сәуір айынан бастап "ҚазАқпарат" ХАА-нде Төте жазу редакциясында шығарушы редактор болып жұмысқа орналасқан