АСТАНА. KAZINFORM – 7-ші Канн теледраматургиялық фестивалінде шыңжаңдық жазушының романы бойынша түсірілген «Алтайым» атты шағын телехикая «Үздік ұзақ метражды драма» байқауының іріктеу тізіміне енді.
«Жэньминь жибао» басылымының мәліметінше, Канн теледрама фестивалінің негізгі байқауының іріктеу тізіміне енген «Алтайым» фильмінің тұсаукесері 7 сәуір күні Канн қаласында өтеді.
Байқауда аталған туынды 5 басты жүлде үшін әлемнің басқа елдері мен аймақтарының 7 драмасымен бәсекеге түседі.
Айта кетейік, «Алтайым» – Шыңжаңдық жазушы Ли Жуанның шығармасы бойынша түсірілген 8 бөлімді шағын телехикая. Оның продюсері Дапэн, режиссері Тэн Конгконг. Басты рөлдерді Ма Йили, Чжоу Йиран, Ю Ши, Әлімжан, Әлима, Қайрат және т.б. өнер адамдары сомдайды.
Фильмнің сценарийін Тэн Конгконг пен Пэн Инин жазған.
Бейсен Сұлтан
Сұлтан Бейсен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын 2007 жылы "Жазушы" баспасында редактор болып бастаған. 2008 жылы "Ара" журналында, 2010-2011 жылы Алматы облысының "Талдықорған кеші" газетінде тілші, 2012 жылы "Талдықорған Севен" газетінде тілші болып жұмыс істеген. 2013 жылы сәуір айынан бастап "ҚазАқпарат" ХАА-нде Төте жазу редакциясында шығарушы редактор болып жұмысқа орналасқан