Алты мыңдай тұрғын ауызсу проблемасын көріп отыр - Оралдағы апат

АСТАНА. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат - Су құбырындағы апаттың салдарынан Орал қаласында алты мыңдай тұрғын ауызсу проблемасын көріп отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында кеше, сәуірдің 12-сі күні сағат 13.00-де су құбырындағы апаттың салдарынан қаланың сумен жабдықтау жүйесіндегі қысым төмендеп кетіп, Айгүл ықшамауданы мен 2-ші Жұмысшылар кентінде тұратын 6 мыңдай тұрғын сусыз қалды. Қазір аталған аудандарға ауызсу көліктермен тасымалдануда. Оқиға орнында «Орал су арнасының» арнайы бригадасы жұмыс істеуде.