ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлағанындай, 11 тамыз күні сағат 20.00 шамасында Жәңгір хан көшесі бойында «Зачаган» сауда үйі маңында белгісіз жүргізуші «БМВ» автокөлігімен 2009 жылғы бүлдіршінді қағып кетті.
БҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, алған жарақаты салдарынан бала оқиға орнында көз жұмса, жүргізуші сол бойда бой тасалаған.
Орал қалалық ішкі істер басқармасы жол-патрульдік полициясы батальоны қызметкерлерінің жедел іс-әрекеті нәтижесінде аталған автокөліктің жүргізушісі, 1991 жылғы Н. есімді азамат анықталып, ұсталды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).