Алтын іздеушілер Ұлы Қытай қорғанының 100 метрлік учаскесін қиратты

АСТАНА. Қарашаның 12-сі. ҚазАқпарат - Хух-Хото қаласының алтын өндіретін компаниясының өкілдері Ұлы Қытай қорғанының 100 метрлік учаскесін қиратты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Ішкі Моңғолия автономды аймағының аумағында орналасқан қабырғаның қираған бөлігінің ұзындығы жүз метрді құрайды.Ван Дашан мәдени мұрасын қорғау жөніндегі жергілікті сарапшының айтуынша, құрылысқа орны толмас зиян келтірілген.

Ескерткіш Ұлы Қытай қорғанына іргелес учаскеде алтын өндіру кезінде ішінара қиратылған. Әңгіме Цинь әулетінің патшалығы кезінде (б.д.д. 221 жыл - б.д.д. 207 жыл) салынған құрылыстың бір бөлігі туралы болып отыр.