«Көкшетаудан солтүстікке қарай 17 шақырым жерде орналасқан Васильков кен орны 1963 жылы анықталғанымен, 1980 жылдары ғана игеріле бастады. Ал 1991 жылы онда ТМД аумағында тұңғыш рет жаңа технологиялардың нәтижесінде алғашқы алтын құймалары алынды. Қазір ол Қазақстандағы ең ірі кен орны саналады. Сондай-ақ әлемде алтын өндіретін ірі 20 кәсіпорынның қатарына енеді», - дейді А. Берелюк. Оның айтуынша, Ақмола облысындағы ең ірі 10 салық төлеушілердің қатарына кіретін «Алтынтау Көкшетау» ЖШС 2006 жылдан бері облыс бюджетіне 165 млн. доллар көлемінде салық төлеген. Алтын айыру фабрикасы жылына 8 млн. тонна кен өңдеп, 550-650 мың унций алтын өндіре алады. Былтыр онда кеніште өндірілген 6 млн. 102 мың тонна кеннің 6 млн. 84 мыңы өңделіп, 293 мың унций алтын өндірілген еді. Биыл бұл көрсеткіш 347 мың унцийге жетпек.
09:00, 16 Маусым 2013
«Алтынтау Көкшетау» әлемдегі алтын өндіретін ең ірі 20 кәсіпорынның қатарына кіреді
АЛМАТЫ. 16 маусым. ҚазАқпарат - Васильков кенішінде биыл 6 миллион 720 мың тонна алтын кені өндіріліп, өңделмек. Бұл туралы «Алтынтау Көкшетау» алтын айыру фабрикасының бас директоры Анатолий Берелюк кәсіпорынға қарасты өндіріс орындарына ұйымдастырылған баспасөз турында айтты.