деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.
Қажетті деректер SUNRISE алып телескопымен алынды.
SUNRISE телескопы Күнді бес күн бойы бақылады. Ол 37 шақырымдық биіктікте, стратосфера қабатында тұрды. Ауа қабатына оны гелий толтырылған аэростат алып шықты. Жерден осыншама қашықтықта ультракүлгін сәулені жұтатын атмосферадағы турбулентті ағындар және озон қабаты кедергі етпейді. Телескоп Швецияда маусымның 8-інде ұшырылған болатын. Аппарат Канаданың иелігіне жататын Нунавут аумағына ойдағыдай қонды.
SUNRISE жалпы жиыны 1,8 терабайт деректер жинады. Телескоп Күннің үстіңгі қабатын түрлі диапазондарда суретке түсірді және жұлдыздардың магнитті өрісін бақылады.