ОРАЛ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Бөкей ордасы ауданында бес отбасы (бәрі де – ұстаздар) жаңа пәтерлерге қоныстанды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудан әкімі Рахман Кариннің айтуынша, таяуда аудан орталығы Сайқында 600 орындық жаңа қазақ мектебі пайдалануға берілмек. Жалпы, өткен жыл қорытындысына сәйкес әр сала бойынша үздіктер анықталып, 21 адам жыл адамы деп танылды. Оларға дипломдар мен сый-сияпаттар табыс етілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).