ОРАЛ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Жәнібек ауданында атақты әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің 100 жылдығына орай әдеби-сазды кеш болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудандық музыка мектебінің мұғалімі Бакар Орақаев әнші-композитордың «Сүйген жар», «Әнші дауысы» әндерін шырқаса, Ғ.Құрманғалиевтің көзін көрген Сембай Ғұсманов, Меңдіхан Бәсеров, атақты өнерпаздан бата алған Уақит Сариев естеліктерімен бөлісті. Кеште аудандық музыка мектебінің шәкірттері өнер көрсетті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).