ОРАЛ. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстандағы ең шалғай аудан – Бөкей ордасында жеті үй пайдалануға берілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мұның бесеуі мұғалімдерге берілді. Аудан орталығы Сайқындағы жайлы үйлердің біріне атақты қойшы, Социалистік Еңбек Ері Ескендір Есімов қоныстанды. Е.Есімовтің айтуынша, бұл ? оның өсіп-өнген отбасы үшін үлкен қуаныш.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).