ОРАЛ. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Шыңғырлау ауданы Тасмола ауылында балабақша іске қосылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бос тұрған екі қабатты ғимаратты жөндеуге 22 млн. 790 мың теңге бөлініп, бұл жұмысты «Эксперимент» ЖШС сапалы атқарды. Сәнді де еңселі ғимаратта 40 бүлдіршін тәрбиеленіп, мектепалды даярлықтан өтеді.
Салтанатқа қатысқан облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменнің сөзіне қарағанда, ауданда балдырғандардың 74,6 пайызы балабақшамен қамтылған. Бұл ? облыстағы ең жоғары көрсеткіш.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).