ОРАЛ. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
1973 жылы салынған ғимаратқа содан бері жөндеу жүргізілмеген еді. Осы мақсатқа 15,6 млн. теңге қаралып, жөндеу жұмыстарын «Жәнібек транссервис» ЖШС ( директоры Айболат Аяпов ) атқарды.
Мәдениет үйінің ашылу рәсімінде аудан әкімі Рыспай Өтешев жақсыбайлықтарды қуанышымен құттықтап, мәдениет үйіне музыкалық аппаратура сыйласа, А.Аяпов 80 мың теңгенің жиһаздар жиынтығын тарту етті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).