Алжирде газ-экспорттаушы елдердің форумы ашылады

АСТАНА. Сәуірдің 19-ы. ҚазАқпарат - Алжирде газ-экспорттаушы елдердің форумы ашылады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC (Британия Радио Корпорациясы) агенттігіне сілтеме жасап.

Кездесудің басты тақырыптарының бірі ретінде «көгілдір отын» бағасын төмендету мәселесі қаралмақ. Әлемдік шараға қатысушы елдер ОПЕК (Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы) іспетті газ өндіруші елдер картелін құру туралы мәселе қозғауға бел байлап отыр.

Бұл осы шикізатты өндіру көлемі мен әлемдік бағаларға бақылау жасап отыруға мүкіндік бермек. Кездесуге Ресейдің атынан осы елдің Энергетика

Министрі Сергей Шматко қатысады.