«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін», - деді А. Әлтай.
Сонымен қатар, бүгін палатаның жалпы отырысында Мәжіліс депутаты А. Әлтай Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Саяси кеңес Бюросының қаулысымен «AMANAT» партиясынан Парламент Мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Аманжол Әлтайға беру туралы шешім қабылданды .