Америкалық ковбойлар көкпардан күш сынасу үшін Астанаға келмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі 20-28 тамыз аралығында Астанадағы «Қазанат» атшабарында көкпардан өтетін бірінші әлем кубогында америкалық ковбойларды қолдауға шақырады. Бұл туралы Елшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Турнир, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өтеді.

Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының елшісі Джордж Крол былай дейді: «Жас кезімде атқа мініп өссем де, өкінішке орай көкпар ойнауға еш мүмкіндігім болмап еді. Жылқы малына деген құмарлықтың Қазақстан мен АҚШ елдеріне ортақ нәрсе екенін айта отырып, осы сайыс барысында біздің ковбойлар командасына қошемет көрсету сәтін асыға күтемін».

12 адамнан тұратын америкалық команда, өткен жылы Қырғызстанда өткізілген Халықаралық көшпенділер ойындарында құрылды. Олар, дәл сол жерде көкпар ойынына бірінші рет қатысып , сонымен қатар, Қазақстан командасымен сайысқа түскен болатын.

Ковбойлардың бұл ойыннан шабыттанғандары соншалықты, олар АҚШ-нда да  ежелгі көшпенділердің осы ойыны бойынша әуесқой чемпионат өткізу керек деген шешім қабылдап отыр. Команда капитаны Крид Гарниктің айтуынша, ковбойлар күн сайын жаттығуда және Астана қаласында 15-20 тамыз аралығында жергілікті аттармен жаттығуларын жалғастырмақ.

«Біз лайықты қарсылас болғымыз келеді. Біз осы экстремалды спорт түрінен аутсайдер екенімізді  білеміз, алайда өз күш-жігерімізді сынап көрмекпіз» - дейді Крид Гарни.

Комнада капитаны өз елі мен ковбойлардың мәдениетін көкпар арқылы танытпақ ой барын жеткізді. «Әлемді шарлап, Америка мен ковбойлардың мәдениетін ежелгі ойын аясында таныстыру - мен үшін үлкен мәртебе. Мен, бұл туралы  тіпті армандай алмап едім. Бұл ойынға ғашықпын. Қазақтардың тәжірибемнің өте аз болғанына қарамастан осындай ұлттық спорттық шақырғаны үшін алғыс білдіремін. Қазақ халқының жомарт және жайдары қасиеттері бар. Біз мәдени тұрғыда өте ұқсаспыз. Бізде родео мен басқа да аттың үсті спорт түрлері бар, ал сіздерде көкпар және басқалары. Біз, барлық мұхиттар мен қашықтықтарды еңсеріп, жылқы малына деген құмарлықты сіздермен бөлісіп отырмыз. Осындай тамаша шараға ат салысқаным үшін өте қуаныштымын. Мен үшін бұл баға жетпес тәжірибе», - дейді Крид Гарник.

Чемпионатқа 20 елден 300 спортшы қатысады деп жоспарлануда. Чемпионаттың бірінші күнінде америкалық ковбойлар түрік командасымен сайысқа түседі. Ережеге сәйкес, шабандоздардың серкенің резеңке нақпішінін қолға түсіріп, қарсыласқа қолдан бермей, қарсы команданың шартты қақпасына дәл лақтырып түсірулері қажет. Сайысты Түркі  халықтарының дәстүрлі спорт түрлері халықаралық қауымдастығы ұйымдастырады.
Айта кетерлігі, ковбойлар (сиыршылар) - кезінде ірі қара малды жайылымға жаю үшін жалданған бақташылар. Ковбойлар дәуірі 1865 жылдан бастап, негізінен Техас аумағында жабайыланып кеткен алпауыт бұқа табындарын бағу қажет болған кезеңдерде басталды. Тарих бойынша, ковбойлар әрқашан да америка рухани мәдениетінің бір бөлігі. Бұл күндерде ірі қара мен жылқы ұстайтын нағыз ковбойларды АҚШ-тағы ранчоларда кездестіруге болады. Ковбойлардың кейбіреулері осы күндерде де родео сайыстарына қатысып келеді.