Тәуелсіздік күніне арналған мәдени іс-шаралар ЭКСПО көрмесінің бас концерт алаңында, сондай-ақ АҚШ-тың ұлттық павильонында өтеді.
4 шілде күні көпшілік алдында америкалық соул-әнші Майя Азусена, америкалық және қазақстандық музыканттардан құралған Bluegrass Survivors тобы өнер көрсетеді. Сондай-ақ, америкалықтар мен қазақстандықтар қамажай биін билейді.
Тамаша музыкадан бөлек, бұл күні шынайы Harley-Davidson-де байкерлердің таңғажайып шеруі өтпек.