Жазба 25 қыркүйекте жасалған. Келесі күні ол ғаламторда жарияланып, пайдаланушылар оны біраз талқылады. Аспандағы ерекше құбылысты жалғыз ол емес, мыңдаған америкалық көргенін айтып жатты. Көпшілігі оны өзге планеталықтардың ұшу аппараты деген болатын. Алайда, ғалымдар бұл фантастикалық ой-тұжырымды жоққа шығарды. Сөйтсе, бұл «құбылыс» - Канавералдан ұшырған «Атлас» зымыран-тасығышы екен. Зымыран ұшқанда соңынан көп мөлшерде газ қалдырып, күн сәулесіне шағылысып жарық болып көрінген.