Американдық CityDance қазіргі заманғы би ансамблі Қазақстанда өнер көрсетеді
CityDance (СитиДэнс) ансамблі Колумбия аймағындағы Вашингтон қаласынан шыққан қазіргі заманғы би бойынша кәсіби ұжым болып табылады. Оның бишілері Джуллиард мектебі, Киров балет академиясы және әлемдік деңгейдегі өзге де мектептер мен компаниялардың өкілдері. Компания тек АҚШ-та ғана емес, сонымен қатар, бүкіл әлем көрерменін тәнті ететін «аса әсерлі инновациялық» өнерімен гастрольдік сапарларға шығып тұрады.
«Осыдан 9 ай бұрын ансамбліміздің администраторы Нэнси Люби осы турнені ұйыдастырайық деген ой тастаған еді. Біз бірнеше қызықты нөмірден тұратын концерттік бағдарламамызды ұсынамыз және ол жұртшылықтың көңілінен шығады деген ойдамыз. Сонымен қатар бізде қазақстандық әріптестерімізбен тәжірибе алмасып, шебер-сыныптарын қойюға мүмкіндік болады. Бұл біз үшін өте қуанышты жағдай», дейді CityDance ансамблінің директоры Пол Эмерсон.
Вашингтоннан келген тоғыз кәсіби биші «мақсаттылық, күш және ынтызарлық» ұранын өзінің әрбір іс-қимылында көрсете отырып, американдық және шетелдік хореографтардың атлетикалық аса күрделі қойылымдарын ұсынбақ.
Би тобының хореографы Кристофер Морган қуат, сезім, әзіл және шыңдалған техниканы үйлестіріп, оны өздерінің өмірге және мәнерлікке толы қойылымдарында паш ететіндіктерін жеткізді.
22 қыркүйек күні CityDance Алматы опера және балет театрында өнер көрсетсе, қыркүйектің 25-і күні Астана көрермендерін Бейбітшілік және келісім сарайында қарсы алмақ.
Турдың ұйымдастырушылары АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі, Қазіргі заманғы хореография орталығы, Алматыдағы қазіргі заманғы би фестивалі және Астананың бейбітшілік және келісім сарайы болып табылады. Үш аптаға созылатын тур шеңберінде CityDance Беларусь пен Ресейде де өнер көрсетпек.