деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Салмағы жарты фунт (230 грамм) болатын ғарыштық дене Вирджиния штатындағы Лортон қаласында тұратын дәрігер Фрэнк Чампидің (Frank Ciampi) үйіне құлаған. Сағатына екі жүз миль (сағатына 320 шақырым) жылдамдықпен құлдыраған метеорит шатырға түскен. Бірнеше кедергілерден өтіп, шағын тесік қалдыра отырып, дәрігердің ауруларды қабылдайтын төменгі қабаттағы бөлмесіне құлаған.
Вашингтондағы Ұлттық табиғи тарих мұражайындағы метеориттер коллекциясын басқарушы Линда Вельценбахтың (Linda Welzenbach) айтуынша, құлаған дененің мөлшері адамның жұдырығындай болады. Мұражай мамандары нысанның шынында да метеорит екенін және ғарыштан жеткенін растады. Чампидің қабылдау бөлмесіндегі цемент еденге соққан метеорит бірнеше бөлікке бөлінді. Кездейсоқ сәттілікке орай ешкім де зардап шеккен жоқ.