деп хабарлады «РИА «Новости» агенттігінен.
Олардың пікірінше, бұл жаңалық қатерлі ісік рецидивін жедел анықтауға және ем-домның тиімділігін нақтылауға мүмкіндік береді. Ғалымдар қатерлі ісікке себеп болуы мүмкін барлық дерлік генетикалық өзгерістерді анықтады. Геномның құпиясын толық ашу үшін ең заманауи технологиялар пайдаланылды, 1 айға жуық уақыт және 35 мыңдай доллар жұмсалды.
«Бұрын біз қатерлі ісіктің жеке бір түрінің жасушаларында орын алатын мутациялардың көбісін білмей келдік. Енді жаңа технология бізге әрбір ісікті жеке зерттеуге және мутацияны назардан шығарып алмау үшін қатерлі ісіктің геномын толық шешуге мүмкіндік береді», дейді жаңалық авторларының бірі.