Бұған оның сайлауалды штабымен ұсынылған жаңа қаржы құжаттары дәлел.
Олардан мәлім болғандай, қыркүйек айында мемлекет басшысы қайырымдылық ретінде американдық зейнеткерлерден 22 млн. доллар алған. Байқаушылар атап өткендей бұл сайлаушылардың тобы денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің реформалары сияқты мәселелерге ден қоюда.
Президент бір айдың ішінде заңгерлерден кем дегенде 11 млн. доллар, инвесторлар мен банкирлерден 3 млн. доллар сомасында қаражат алды. Сондай-ақ қазіргі президенттің қолдау тобына түрлі деңгейдегі 4 мың компания басшылары кіретіндігі анықталды.