Американдықтар Гаитиге көмек үшін SMS-пен 22 миллион доллар аударды

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат - Гаитидегі зілзала салдарынан зардап шеккендерге ұялы телефон арқылы Қызыл Крест қорына түскен қайырымдылық қорының жалпы сомасы бес күнде 22 миллион долларды құрады.

SMS-хаттың көмегімен қаржы жинауға коммерциялық емес ұйымдарға мобильдік технологиялар қызметін көрсететін американдық Mobile Accord компаниясы ұйытқы болып отыр.

Гаитиге қаражат қаржылай көмек көрсетудің mGive сервисі арқылы жиналуда. Ақша аударғысы келетіндер ұялы телефоннан Haiti сөзді теріп, қысқа нөмірге жолдайды. Аударуға болатын ең минималды сома 10 доллар, деп хабарлайды Sky News.

mGive жүйесі арқылы Гаитиге 2 миллионнан астам американдық ақша аударып отыр.