Теннис федерациясының мәліметінше, биыл Мадрид мастерс турнирінің іріктеу сайысында бақ сынаған Қарағанды теннис мектебінің түлегі Әмір Омарханов үшін бұл өзінің спорттық жолындағы алғашқы челленджер жарысы еді.
Әмірдің қарсыласы әлемнің 794-ракеткасы, ресейлік Максим Жуков 19 жаста болатын. Бірінші сетте есеп 2:2 болған мезетте Омарханов брейк жасай білді. Сол басымдылық оған жеткілікті болды – 6:4.
Екінші сетте қазақстандық жас теннисші 5:2 есебімен алға кетіп, матчқа доп бергенде, ол мүмкіндігін пайдалана алған жоқ. Дегенмен ойынды эйспен түйіндеді – 6:4.
Осылайша, ересектер арасында ATP жарысында алғашқы жеңісіне қол жеткізген Омарханов Президент кубогінің ширек финалына шығу үшін әлемнің 533-ракеткасы, Саба Пурцеладземен таласады.