«Шаруашылықтың иесі жоғалған жеті сиыры туралы хабарлаған, оның ішінде жолбарыстың екі сиырды жеп кеткені расталды», - деді Арамилев.
Ол жыртқыштың қараусыз қалып, орманға кіріп кеткен бір сиырды жеп кеткенін нақтылады. Екінші оқиға сиыр қораға жақын жерде болған.
«Соңғысы 14 қыркүйекте тіркелді. Қазіргі кезде оқиға орнында «Амур жолбарысы» орталығы мен аңшылық бақылау қызметінің мамандарынан құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр», - деді Арамилев.
Амур жолбарысы Қызыл кітапқа енгізілген. 2015 жылғы мәліметтер бойынша, Қиыр Шығыста бұл жыртқыштың 480-540-ы ғана қалған.