Оның мәліметінше, Отырар ауданы Сырдария өзені жанындағы Балтакөл ауылының аумағында достарымен аңға шыққан ер адам байқаусызда 42 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын атып өлтірген.
«16 калибрлі қосауыз аңшы мылтығы тәркіленіп алынды. ҚР ҚК-нің 101-бабы бойынша (абайсызда кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда», - деп атап өтті ресми өкіл.