Ана мен бала өліміне кінәлі жамбылдық медицина мекемелерінің басшылары жұмыстан босатылады

ТАРАЗ. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Ана мен бала өлімі оқиғаларына жол берген емдеу-алдын алу ұйымдарының басшыларына қатаң шаралар қолданылады, тиісті жағдайда олар жұмыстар шығарылуы да мүмкін.

Бұл ақпарат Жамбыл облыстық әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысында айтылды.

«Стационарлар мен үйлердегі өлім оқиғалары науқас балаларды уақытында анықтамау және қадағаламау бойынша жұмыстың жетіспеушілігі, ауруханалардың қабылдау және жан сақтау бөлімдеріндегі жедел көмектің жағдайы туралы айтады. Өткізіліп отырған жұмыстарға қарамастан, болашақ аналар босануға дейінгі скринингтік бағдарламамен қамтылуы өспей тұрғанда жанға ауыр тиетін статистикадан қалай құтылуға болады?», - дейді денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Қарагөз Сағынғалиева.

Естеріңізге сала кетейік, Тұрар Рысқұлов ауданындағы жүкті әйелдің өлімінен кейін Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова ана мен оның баласына қажетті көмек көрсетпеген Жамбыл облысындағы төрт медициналық мекеменің басшыларын қызметтерінен босатуды талап етті. Бұл әйел бұған дейін осы төрт мекеменің барлығына барған еді.